Марат Тәжин Бейжіңдегі ШЫҰ мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VII кездесуіне қатысады

БЕЙЖІҢ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - 12 сәуір күні Бейжіңде ШЫҰ мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VII кездесуі өтеді.
None
None

Бұл туралы бейсенбі күні брифинг барысында ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй мәлімдеді.

Қытайлық дипломаттың айтуынша, кездесуде аймақтық қауіпсіздік саласындағы мәселелер, сондай-ақ ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерінің қауіпсіздік бойынша ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланады.

Қазақстандық тараптан кездесуге Президент көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Соңғы жаңалықтар