18:10, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Марат Тәжин ЕҚЫҰ-ның және Еуропалық Одақ «үштігінің» министрлік деңгейіндегі бірлескен отырысына қатысады
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Наурыздың 16- 18-і аралығында Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының және Еуропалық Одақ «үштігінің» министрлік деңгейіндегі бірлескен отырысына қатысу үшін Брюссельде болады.
![None None](/static/img/plug.webp)
Мұны бүгін дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, мәжіліс барысында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы мен Еуропалық Одақты қызықтыратын халықаралық деңгейдегі ауқымды мәселелер талқыланады. Сонымен қатар аталған ұйымдардың байланыс мәселелері сөз болады. «Сапар барысында сыртқы істер ведомствосының басшысы Еуропалық комиссияның жетекшілерімен және бірқатар шетелдік әріптестерімен кездеседі», деді ресми өкіл.