Марганецті құю өндірісін Павлодардың «Format зауыт» ЖШС-і пайдалануға енгізбек

ПАВЛОДАР. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливанцова/ - Павлодарлық «Format зауыт» ЖШС-і марганецті құю өндірісін пайдалануға бүгін енгізді. Жаңа цехтің іске қосылуында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев болды. Бағасы 360 млн. теңге болатын жаңашыл жоба өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды шығаруға қажетті аса мықты құрыш құймаларды өндіруге қол жеткізбек. Осыған салынған қаржы бес жылдың ішінде өз-өзін ақтап шықпақ.
None
None

Жаңа цехта қытайда шығарылған тоқ пештері орнатылған. Өндірісте қолданылып жатқан алдыңғы қатарлы технологиялар құймаларды шығару кезінде тоқ қуатын екі есеге дейін аз қолдануға мүмкіндік береді.

«Біздің өнімнің қазақстандық рынокта сатылуының үлесі орасан, - деп атап өтті «Format зауыт» ЖШС-інің бас директоры Александр Янбулатов. - Негізгі пайдаланушылар - тау-кен өндіру кәсіпорындары, оның ішінде көмірді үгіту үшін біздің өнімдерімізді пайдаланатын біздің іскерлік әріптесіміз «Қазақмыс», қазақстандық электр стансылары». Цех іске қосылғаннан кейін зауыт қосымша 500 тонна құрыш марганецті құймаларды шығарып, құйылмалардың жалпы шығарылымы айына мың тоннаға дейін арттырылады.

Соңғы жаңалықтар