23:46, 20 Қараша 2025 | GMT +5
Мариан Журавлева Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды
АСТАНА.KAZINFORM – Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.
Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды. ҚР ҰОК мәліметінше, бұл салмақта турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Журавлева үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті.
Ол марокколық Ясмин Арбибтен, палестиналық Дания Убайдтан және ирандық Хасти Хаммудиден басым түсті.
Айта кетейік, Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды.
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарының чемпионы атанды.
Рамазан Кусаинов Ислам ойындарының күміс жүлдегері болды.
Джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Ислам ойындарының жеңімпазы атанды.