Мариан Журавлева Ислам ойындарының чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан бірінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Мариан Журавлева - Ислам ойындарының чемпионы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

70 келіде сынға түскен Мариан Журавлева Марокко өкілі Арбиб Ясмин, Иран спортшысы Хасти Хамуди, Даниа Обейдті (Палестина) жеңіп, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бүгін сессияда Серік Алдияр да 69 келіде финалға өтті.

Осыған дейін София Ақтаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар қазақстандық балуан қола жүлдегер атанғаны анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар