Марқакөл қорығындағы қысқы табиғат көрінісі
АСТАНА.KAZINFORM — Марқакөлде қыс өз билігін орнатты.
Қазақстанның кей өңірлерінде күздің соңғы күндері сезіліп жатса, «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы әлдеқашан ақ қарға оранған.
Қалың қар жамылған қылқанжапырақты ормандар, аппақ тау беткейлері мен айналаны билеген тыныштық ерекше қысқы көрініс сыйлайды.
Табиғаттың осы бір ғажайып сәттері ертегілер әлемін еске түсіреді.
Айта кетелік Марқакөлде Қызыл кітапқа енген сирек гүлдер өсетіні туралы жазған едік.