Марқакөлде екі күн бойы жауған қардың қалыңдығы 30 см жетті

Марқакөл қорығында алғашқы қар толастамай жауып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап. 

ауа
Фото: видеодан алынған кадр

Биыл ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алғашқы қар Марқакөл қорығына жауды.

Екі күн бойы толассыз жапалақтаған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жеткен.

Жалпы биыл Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар ерте жауды. 

қар
Фото: видеодан алынған кадр

Өткен тамыз айының ортасында Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік нүктесі Мұзтау шыңына қар түскен болатын. 

«Соңғы 10 жыл көлемінде қардың осыншама ерте жаууы алғаш рет. Бірақ қар тез еріп кетті», — дейді Көккөл сарқырамасының маңында орналасқан туристік лагерь жетекшісі, альпинист Вячеслав Орлов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Соңғы жаңалықтар