Марқакөлде боранда жолға шыққан 11 адам қар құрсауында қалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — ШҚО құтқарушылары боранда жолда қалып қойған жолаушыларға көмектесті.
17 ақпан түнде Марқакөл ауданында адамдар жеңіл автокөлікпен жолға шығып, Қарашілік ауылының маңында қалың қарға тұрып қалған.
ШҚО ТЖД № 31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп, арнайы техникамен 11 адам, оның ішінде 7 баланы эвакуациялап, елді мекенге дейін алып келді.
Жергілікті атқарушы органдар жолды қардан тазалады.