Маркелов пен Бабурованы өлтіруші өмірлік абақтыға жабылды

Никита Тихонов екі адамның өліміне кінәлі деп табылып, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Оның азаматтық некедегі әйелі Евгения Хасисті 18 жылға түрмеде отыруға үкім шығарды, деп хабарлайды РБК.
БАҚ мәліметтері бойынша, сот Бабурованың туыстарының азаматтық талап арызының бір бөлігін ғана қанағаттандырды. Тихоновқа моральдік шығын үшін 2 миллион рубль, сот шығындары үшін 40 мың рубль төлеуді міндеттеді. Талап арыз иелері моральдік шығын үшін 5 миллион рубль сұраған болатын.
Маркелов пен Бабурова Мәскеуде 2009 жылдың қаңтарында атып өлтірілді. Ұлтшылдар Тихонов пен Хасис күдіктілер ретінде 2009 жылдың күзінде ұсталған болатын. Тергеу орындарының мәліметтері бойынша, олар Маркеловті сотта антифашистерді және кавказдықтарды қорғағаны үшін, ал Бабурованы куәгер ретінде көзін жойған.