Марко Рубио: Ресейдің Украинаға басып кіруі — АҚШ пен Ресей арасындағы «прокси-соғыс»

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News телеарнасына берген сұхбатында Дональд Трамп Украинадағы соғысты ұзаққа созылған және тығырыққа тірелген жанжал ретінде қабылдайтынын айтты, деп жазады BBC.

Госсекретарь США Рубио посетит Ближний Восток после предложения Трампа о захвате сектора Газа
Фото: X / SecRubio

Жауап ретінде Рубио Ресейдің Украинаға басып кіруін екі ядролық держава — Украинаға көмек көрсететін АҚШ пен Ресей арасындағы «прокси-соғыс» деп сипаттады.

Ол қазіргі уақытта бұл қақтығысты қалай тоқтату туралы нақты идея немесе жоспар жоқ екенін атап өтті. Бұл фраза АҚШ-қа қатысты ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Трамптың билікке кіріспес бұрын соғысты тоқтатуға уәде берген бейбітшілік жоспары әлі ұсынылмаған.

Енді Fox News-ке берген сұхбатында Рубио «президенттің бар әрекеті бейбітшілікке жол бар-жоғын анықтау» деді.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тез арада тоқтату Трамптың сайлауалды уәделерінің бірі болды. Өткен аптада ол Вашингтонға келген Владимир Зеленскийді бейбітшілікке дайын емес деп ашық түрде айыптады. Сәрсенбі күні Трамп Украина президентінен хат алғанын мәлімдеді, онда Владимир Зеленский «бекем бейбітшілікке қол жеткізу үшін» жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар