Мароккода тоғыз турист қаза тапты

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Мароккода болған жол-көлік апатының салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Полиция өкілдері хабарлағандай, қаза тапқандардың барлығы Португалиядан келген туристер.
None
None

Олардың арасында жасөспірім қыз бала, жеті әйел адам мен бір ер адам бар. Туристер мінген автобус елдің солтүстігінде аударылып кеткен, апаттың бірден бір себебі -ауа-райының қолайсыздығы болуы мүмкін, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тағы да 14 адамның зардап шеккендігі туралы хабарлады. Барлығы 48 адам отырған автобус Сеуттен Тетуанға қарай бара жатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар