Марстық алып тас аукционда 4 миллион долларға сатылуы мүмкін
АСТАНА.KAZINFORM - Жерден табылған Марс фрагменті сәрсенбі күні аукционға қойылады және жер үстінде сирек кездесуіне байланысты 4 миллион долларға сатылуы мүмкін, деп хабарлайды FOX Business.

Sotheby's аукцион үйіндегі сауда-саттық үлкен астероидтың соғуы нәтижесінде Марстан түскен сирек кездесетін метеориттің бағасы 1,6 миллион доллардан басталады.
Нью-Йорк аукцион үйінің мәліметінше, соққыдан кейін тас ғарыш арқылы 140 миллион миль ұшып өтіп, Нигердегі Сахара шөліне құлаған.
Тасты 2023 жылы 16 қарашада метеорит іздеуші тауып, оған NWA 16788 белгісі берілді.
Марс фрагменті өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта Жерде 77 мыңнан астам метеорит бар және олардың тек 400-і ғана Марстан.
Sotheby's мәліметі бойынша, NWA 16788 салмағы - 24,67 кг, бұл қазіргі уақытта жер бетінде белгілі Марс материалдарының 6,5% құрайды.
Бұған дейін Наполеон қылышының аукционда 4,7 миллион еуроға сатылғаны хабарланған болатын.