07:57, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Мәрт депутат Павлодардағы бір ауланың балаларына ойын алаңы мен спорт кешенін сыйлады
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысы орталығындағы тағы бір аула мемлекет пен жеке меншік сектордың өзара ынтымақтастығы аясында көркейтілді.

Кеше М. Горький көшесіндегі 35-үй мекенжайында орналасқан аулада балалар алаңы мен спорттық кешен ашылды. Бұл нысандарды Павлодар облысы мәслихатының № 18 Береговой сайлау округінің депутаты Шухрат Данбай сыйлады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Енді аулада екі жаңа ойын нысаны пайда болды. Ең кішкентай тұрғындарға арналған алаңында ойын кешені мен түрлі әткеншектер орналасқан. Ал спорт кешені ересектеу жеткіншектер үшін қарастырылған.
Ауладағы тозығы жеткен металл құрылым мен қоршаулар, шағын ойын нысандары да ретке келтірілген.