Мас болғандардың бәрін бөлімшеге жеткізудің қажеті жоқ - Әкімшілік полиция
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеxа мереке күндері мас болған адамдарды ұстап әкетуге қатысты түсінік берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шыны керек, қазірдің өзінде біз жеке құрамға мәдениетті әрі сыпайы болыңдар деп, үнемі айтамыз. Кадр қызметі де, жеке қауіпсіздік қызметі де осы жұмысқа атсалысады. Иә, адам қатты мас болмаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса, оны ұстап әкетуге қақымыз жоқ. Біз ондай фактілерді үнемі тексеріп отырамыз. Кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылады», - деді И.Лепеxа Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, Астана күнін тойлау кезінде коменданттық патрульдер де қызмет атқаратын болады. Олар құқық қорғаушылардың жұмысын бақылайды. «Негізі, мереке күндері біз жеке құрамға былай деп айтамыз: «Егер адамды бөлімшеге жеткізудің қажеті болмаса, онда әкелмей-ақ қойыңдар». Бірақ әртүрлі жағдайлар болады. Адам мас болып, басқа біреулерге қауіп төндірмесе, өзі де қылмыстың құрбанына айналмаса, оны ішкі істер бөлімшесіне жеткізудің қажеті жоқ», - деп атап көрсетті И.Лепеxа.
Айта кетейік, Астана күні қарсаңында елорданың құқық қорғаушылары, сондай-ақ үш облыстың жеке құрамы күшейтілген режімге көшетін болады. ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, 27 маусым мен 8 шілде аралығында астаналық гарнизон, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жеке құрамы күшейтілген режімге көшіріледі.