Мас күйінде адам өлтірген күдікті қолға түсті

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері бірнеше ай бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз хабарлады.

Оның айтуынша,ұзақ уақыт жүргізілген геномды-молекулярлы сараптама қорытындысына сәйкес, ішкі істер органдары осы жылдың тамыз айында Алматы облысы Есік қаласының шетінде табылған әйелдің жеке басын анықтаған.

Беті мен басында ауыр жарақаты бар әйел адамның мәйітінен оның  қатты соққылардан көз жұмғандығы белгілі болды. Мамандардың айтуынша, қылмысты ашу қиынға соққан. Өйткені қылмыс жасалған күннен мәйітті тапқанға дейін біраз уақыт өтіп кеткен, сондықтан әйелдің жеке басын анықтау мүмкін емес еді. Сараптама нәтижесі бір жарым айдан кейін дайындалып, өлтірілген әйелдің Есік қаласының 44 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

«Жедел қызметкерлер жәбірленушінің жақындарынан сұрау алған кезде күдікті ер адамды қолға түсіреді. Күдікті қылмысты мас күйінде жанжал туындағанда жасағанын мойындады. Осы факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - дейді Н. Ораз.

Соңғы жаңалықтар