Мас күйінде бірнеше рет ұсталған көлік жүргізушілеріне қылмыстық іс қозғалады – полиция

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елордада 6 мыңға жуық жол ережесін бұзу жағдайы анықталды, 80 жүргізуші мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Елордада жыл басынан бері 5 986 жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғасы анықталды. Оның ішінде 80 жүргізуші мас болған. Коммуналдық тұраққа 195 автокөлік қойылды. Бұрын мас күйінде көлік жүргізген 7 жүргізуші тағы да жауапқа тартылды. Сонымен бірге, апатты жағдай тудыруға әсер ететін жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуына жол бермеу үшін жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады», - деді елордалық полиция департаменті патрульдік полиция полкі штабының бастығы Әуесхан Тәжіғұлов.

Жол қауіпсіздігі деңгейін артыруға бағытталған «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Назар аударыңыздар, балалар», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Жаяу жүргінші» және тағы басқа жедел-алдын алу шаралары жиі өткізіледі.

Соңғы үш күнде Астанада мас күйінде көлік жүргізген 19 адам, мас күйінде жол апатын жасаған 11 жүргізуші анықталды.

«Мас күйінде көлік жүргізгені үшін қайтадан ұсталған жүргізушілерге қылмыстық іс қозғалады. Оның шешімін сот үкімі шығарады. Оларға 50 күндік қоғамдық жұмыс немесе 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қлданылады немесе 5 мың АЕК айыппұл салынады», - деп түсіндірді Ә. Тәжіғұлов.


Соңғы жаңалықтар