Мас күйінде көлік айдағаны үшін 20 күнін темір тордың ар жағында өткізеді

КӨКШЕТАУ. КазАқпарат- Ақмола облысында мас күйінде көлік айдаған жүргізушіге 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты азамат З-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады. Сот анықтағандай азамат З. Қазақстан Республикасының жол жүру ережелерінің 2-тарауы 4-тармағының 2-тармақшасын бұзған және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған, сонымен қатар көлік құралын жүргізуге құқығы болмаған, яғни бұл әрекетімен азамат З. жол қозғалысына қауіп төндірген.

Осылайша, Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты азамат З.-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 20 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылды.

Соңғы жаңалықтар