Мас күйінде жол апатына ұрынып, сотталды - БҚО

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азамат бұдан бұрын да соттың қаулысымен 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда соған қарамастан, автокөлікке мас күйінде отырып, рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы автокөлікке соқтығысып, оның жүргізушісіне орта дәрежедегі дене жарақатын келтірген.
Сот жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Сонымен қатар А. бұрын Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 380-бабы1-бөлігі бойынша сотталғандықтан, сот ҚР ҚК 60-бабы негізінде бұрынғы үкімнің өтелмеген бөлігін қоса отырып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын белгіледі. Оған қоса 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.