Маск жасанды интеллектіге негізделген Grok 2.5 чат-ботының бастапқы кодын ашты
АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық кәсіпкер Илон Маск жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген Grok 2.5 чат-ботының бастапқы коды ашық болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

– Өткен жылы біздің ең үздік моделіміз болған Grok 2.5 моделі енді ашық бастапқы кодпен қолжетімді, – деп жазды миллиардер X әлеуметтік желісінде.
Ол сондай-ақ Grok 3.0 моделінің бастапқы коды «шамамен алты айдан кейін» жарияланатынын атап өтті.
Маск 2023 жылдың сәуірінде жасанды интеллектпен айналысатын xAI стартапын құрған болатын. Бірнеше айдан соң компания ЖИ негізіндегі Grok чат-ботын таныстырды. Жоба авторларының айтуынша, бұл өнім баламаларынан цензураның жоқтығымен және нақты уақыт режимінде өзекті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Айта кетелік Илон Масктың фото мен видео жасауға арналған нейрондық желісі тегін болды.