Мәскеу биржасы KASE акционерлері қатарынан шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеу биржасы Қазақстанның қор биржасы (KASE) акционерлері қатарынан шықты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

Как санкции Мосбиржи влияют на деятельность KASE
Фото: mab-sng.org

Мәскеу биржасы санкциялық тізімге ілінгенге дейін KASE акцияларының 13,1 пайызына иелік еткен болатын. Сонымен қатар биржа акционерлері қатарында Ұлттық банк (46,9%) пен Halyk Group (9.3%) бар.

Сонымен Қазақстанның қор биржасының жаңа акционерлері мыналар:

- Үлестің 4,6 пайызын немесе 49,2 мың акцияны иелік ететін «Левкой» жабық үлестік инвестициялық біріккен қоры.

- Үлестің 8,5 пайызын немесе 91,3 мың акцияны иелік ететін «Нигелла» жабық үлестік инвестициялық біріккен қоры.

Екі қор да «Инфинитум» мамандандырылған депозитарийі» АҚ компаниясына қарасты.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген Мәскеу биржасының (MOEX) санкцияға ілінуі Қазақстанның валюта нарығына қандай қатер төндіріп отырғанын айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар