Мәскеу биржасына салынған санкция теңге бағамына әсер етпейді — сарапшы

андрей чеботарев
Фото: Андрей Чеботарев/Facebook

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев Американың Мәскеу биржасына (MOEX) қарсы санкция енгізуіне пікір білдірді.

Қаржыгер АҚШ-тың Мәскеу биржасына қарсы санкциясынан соң рубльдің долларға немесе еуроға қатысты жұп валюталарымен сауда-саттық нарықтық негізде тоқтатылатынын, ал курс биржадан тыс сауда арқылы анықталатынын атап өтті.

«Қарсы санкция қорқынышты әрі жағымсыз естіледі. Расында солай. Санкция доллардың кез келген айналымын бөгейді. Оның үстіне санкциялық режимге бағынышты компаниялармен өзге жаһандық компаниялар жұмыс істемегісі келмейді. Яғни, біз», — деді ол.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан қор биржасында орналасқан акциялардың 13,1% MOEX-ке тиесілі. 

«KASE-ге келетін болсақ, қазір ол үшін қайталама санкция тәуекелдері, олардың бар болғанына қарамастан, өскен жоқ. Өйткені Мәскеу биржасы акционерлер құрылымында миноритарлық үлеске ие — 13,1%. Егер ресейліктерде 50% болса, онда санкция Сбербанк, Альфа және ВТБ еншілес банктері сияқты KASE-ге де автоматты түрде әсер етеді. Сондықтан, санкция қауіпке айналған жоқ, тағы бір жайт, KASE үшін шетелдік клиенттермен сәйкестік процедураларын жүргізу әлдеқайда қиын болды, өйткені құрылымда санкцияланған акционер пайда болды. Бұл жаман. Сірә, бұл акцияны сату немесе сатып алу жөнінде шешім қабылданады. Яғни, ресейліктер бұл акцияларды сатуы керек», — деп есептейді сарапшы.

Андрей Чеботарев санкция теңге бағамына әсер етпейтінін, бірақ хайп пен дүрбелеңнің салдарынан дәл осы сәтте рубль бағамынан көрініс табуы мүмкін екенін айтты.

«Иә, олардың биржасы жабылды, жай ғана жабайы валюта нарығы болады, онда биржадан тыс банкаралық операциялар көптен бері жүріп жатыр, енді валюта бағамы соған қарай анықталады. Басқа таңдау жоқ. Бірақ біз бақылап отырамыз. Әзірге қорқынышты ештеңе болған жоқ, оның үстіне бұл - бұрыннан есептелген және талқыланған тәуекелдер. Енді ресейліктермен тез арада келісімге келіп, олардың үлесін сатып алуымыз керек. Альфа банкінде болғандай жеңілдікпен. Қалғаны келіссөзге байланысты болады. Алдағы уақытта үлесті беру бойынша келіссөз басталады деп ойлаймын. Санкциялар қауіп төндірмейтініне қарамастан санкцияланған ірі акционермен жұмыс істеу қиын екенін бәрі түсінеді», — деп қосты ол.

Жақында АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін енгізетінін жариялады. Бұл тізімге Мәскеу биржасы мен оның еншілес компаниялары енген.

Қазақстан қор биржасы (KASE) АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау жөніндегі басқармасы жариялаған ақпаратқа түсінік берді. 

Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов АҚШ-тың Мәскеу биржасына қатысты санкциясы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді деген сұраққа жауап берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар