Мәскеу қаласында бірқатар көпжақты интеграциялық бірлестіктер - ЕурАзЭҚ, ҰҚКҰ мен ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларының кездесулері өтеді

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында 19-20 желтоқсан күндері мемлекет басшыларының көпжақты интеграциялық бірлестіктер аясында кездесулері өтеді, деп хабарлайды РБК Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

19 желтоқсан күні РФ Президенті Дмитрий Медведев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі (Беларус, Қазақстан, Ресей) және Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейінде өтетін отырыстарына қатысады.

Бұдан басқа, 20 желтоқсан күні Д.Медведев ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында және Достастықтың 20 жылдығына арналған ТМД мемлекет басшыларының формалды емес басқосуында болады.

Соңғы жаңалықтар