Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы қалпына келтіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Мәскеу мен Алматы арасындағы тікелей теміржол қатынасы қайта іске қосылады, деп хабарлайды «Ресей темір жолы» порталы.

пойыз
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келісе отырып, біз Мәскеу мен Алматы арасында тікелей пойыз қатынасын қалпына келтіріп жатырмыз. Пойыздар екі күн сайын қатынайтын болады, — делінген хабарламада.

Пойыз кестеге сәйкес, Алматыдан 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 20:00–де № 7/8 Алматы-Саратов бағыты бойынша жолға шығады. Мәскеуден 30 қазан күні Мәскеу уақытымен 19:27–де № 85/86 Мәскеу-Дербент пойызымен аттанады. Жол жүру уақыты шамамен үш жарым күн болады.

Айта кетейік, Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей қатынас 2017 жылы тоқтатылған болатын. 

Біраз уақыт бұрын Олжас Бектенов темір жол жобаларын уақытылы пайдалануға беруді тапсырған еді.

Соңғы жаңалықтар