Мәскеу Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

МӘСКЕУ. KAZINFORM - Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шешімімен, жақындап келе жатқан православие мерекесі — Пасхаға (Христостың қайта тірілуі) байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 12 сәуір күнінің соңына дейін бітім жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Москва
Фото: ТАСС

Хабарламада РФ Қорғаныс министрі А.Белоусовке және РФ ҚК Бас штабының бастығы В.Герасимовке осы кезеңде барлық бағыттар бойынша әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы нұсқау берілгені айтылған.

Сондай-ақ Ресей тарапы Украина да осы үлгіні ұстанады деп күтетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Украина АҚШ-та келіссөздер жүргізетіні хабарланған.

Соңғы жаңалықтар