Мәскеу тұрғын үй қымбатшылығы жағынан Лондонды басып озды

МӘСКЕУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат – Шетелдік жылжымайтын мүлік нарығына үлкен соққы болып тиген қаржы дағдарысына қарамастан, мәскеулік тұрғын үй бағасы шарықтап барады.
None
None
Global Property Guide зерттеулеріне сәйкес 2008 жылдың қорытындысы бойынша Мәскеу әлемдегі тұрғын үй ең қымбат қалалардың арасында Лондонды басып озып, Монте-Карлодан кейінгі екінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. 2008 жылғы элиталық тұрғын үй бағасы жөніндегі Global Property Guide жасаған рейтингіде әлемнің 110 қаласы қамтылған. Зерттеулерге сәйкес Мәскеу шаршы метр құны бойынша алғаш рет екінші орынға табан тіреді. Бұған дейін Ресей астанасы Монте-Карло, Лондон және Тортола аралынан (Британдық Виргиния аралы) кейін төртінші орында болатын. GPG мәліметтері бойынша мәскеудегі элиталық тұрғын үйдің орташа құны (қаланың орталығындағы көлемі 120 шаршы метрден астам пәтерлер) 1 шаршы метрі 20,85 мың долларды құрайды. Бірінші орында Монако кінәздігінің астанасы тұр, бүгінде Монте-Карлодағы жайлы апартаменттердің орташа есеппен шаршы метрі 47,58 мың доллар тұрады.
Соңғы жаңалықтар