Мәскеу тұсына құлаған ұшақ апат туралы сигнал беріп үлгерген

АСТАНА. KAZINFORM — Мәскеу облысында апатқа ұшыраған ұшақ апат туралы сигнал беріп үлгергенімен, көп ұзамай радардан жоғалып кеткен, деп жазады ТАСС.

Ұшақ апаты
Фото: Сергей Мальгавко/  ТАСС, мұрағат

— Жөндеуден кейін Внуково әуежайына ұшқан «Суперджет- 100» лайнері бір рет апат сигналын беріп үлгерді, содан кейін ол радардан жоғалып кетті, - деді құқық қорғау органының өкілі. 

Жұма күні Мәскеу облысының Коломенск ауданында үш экипаж мүшесімен бірге Суперджет-100 сынақ рейсі апатқа ұшырады. Олардың барлығы қайтыс болды.

Бұған дейін ұшақтың құлауы туралы ақпарат Мәскеу облысында тексерілетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар