Мәскеуде 14-інші қабаттан құлаған әйел аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде биік ғимараттың терезесінен құлап кеткен әйел, дін аман қалды.
None
None

Бұл туралы «Звезда» телеарнасына Мәскеу бойынша ІІМ Мемлекеттік басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Оқиға Берингов орамында болған. Әйел 14-інші қабаттағы терезеден құлаған, оның себебі әзірге белгісіз. Ол оппы қардың үстіне түсіп, аман қалған.

Зардап шегуші мәскеу ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар