14:32, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мәскеуде «Ақтөбе» сәтті өнер көрсетуде
ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Өткен демалыс күндері Мәскеуде басталған футболдан Достастық елдері чемпиондарының кубогі үшін дәстүрлі жарыста Ақтөбенің «Ақтөбесі» сәтті өнер көрсетуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқы ойында «А» тобында ақтөбеліктер Армения чемпионы «Араратты» 3:1 есебімен ұтты. «Ақтөбеден» гол соққандар: Марат Хайруллин (екі рет) мен Сергей Остапенко. Екінші кездесуде «Ақтөбе» Ресей біріншілігінің жеңімпазы «Рубиннің» (Қазан) қақпасына жауапсыз екі доп ( Эмиль Кенжесариев пен Сергей Струков ) енгізді.
Сөйтіп алты ұпаймен өз тобында алға шыққан ақтөбеліктер «Пахтакормен» болатын соңғы ойынның нәтижесіне қарамастан, келесі айналымға жолдама алды.