Мәскеуде Әлия Молдағұлованы еске түсірді

Кешті «Қазақ диаспорасы» Мәскеу қоры мен мәскеулік «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырды.
Бұл шара Мәскеу қаласының «Әлия Молдағұлова атындағы №402 гимназия» мемлекеттік бюджеттік білім мекемесімен бірлесіп өткізілді.
Кеш қонақтары Мәскеу қаласының орта мектептері оқушылары, астана тұрғындары, мәскеулік жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық студенттер болды.
«Әлия Молдағұлова - қазақ халқынының даңқын көтерген шығыс шынары. Батырдың образы жастарымызға әскери-патриоттық тәрбие беруде өте маңызды. Біздің жас ұрпақ осындай батырларымызды еске сақтап, оларды мақтаныш етуі тиіс», деді мәскеулік «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоғамының президенті Ерназар Нұриев.
«Мұрагер» қоғамының жетекшісі біздің аңызға айналған отандасымызды мәскеуліктер құрмет тұтатынын мақтанышпен атап өтті. «Қала көшелерінің бірі оның есімімен аталған. Біз оны мақтан тұтамыз», - деді Е.Нұриев.