Мәскеуде «Бәйтерек» ғарыштық зымырандық кешенін құру талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысы өтті.
None
None

Отырысқа қазақстандық тараптан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ресейлік тараптан - РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Рогозин қатысты.

Комиссия мүшелері «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуінің өзекті мәселелері мен бірлескен жобалар, атап айтқанда, «Бәйтерек» ғарыштық зымырандық кешенін құру барысын қарады.

Отырыста Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту, екі есе салық салуды алып тастау, кешен мүлкі мен нысандарын сақтап қалу мәселелерін қоса алғанда, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану Жол картасының орындалу барысы тыңдалды.

Бұдан басқа, «Байқоңыр» кешенінің туристік әлеуетін дамыту мәселелері қаралды. Қазақстандық тарап қонақүйлер, зымыран тасығыштар мен басқа нысандар ұшырылымын бақылауға арналған алаңды көздеп, кешен инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын әзірлеу және оны іске асыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресей ғарыш саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екені атап өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар