12:25, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мәскеуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сессиясы өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық комитетінің 60-шы сессиясы ашылады, деп хабарлады «Азаттық» радиосы.
Кездесуде 53 елден 300-дей делегат бас қосады.
Сессияға арқау болатын негізгі мәселелердің қатарында - кедейшілік, денсаулыққа төнген қатер, қоршаған ортаны сақтау, еуропалық өңірде полиомиелитпен, қызылшамен, қызамықпен күресу проблемалары бар.