Мәскеуде ЕАЭО аясында Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде «ТАСС» ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында 1 қаңтардан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ келісімі аясында Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
None
None

Баспасөз мәслихатына экономика және қаржы саясаты жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева, Қазақстан Кәсіпкерлері Ұлттық палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев және Еуразиялық бизнес-форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қуаныш Дәуітов қатысты.

Басқосуды ашқан Т. Сүлейменов өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіне, оның негізгі нормаларына жан-жақты кеңінен тоқталды. Одақ құрамының кеңейгендігін, Арменияның қосылып, сондай-ақ Қырғызстанның кіруі жоспарланғанын атап өтті.

«ЕАЭО-да қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін жылжуы толыққанды жүзеге асады»,-деді ол.

Келісімде заңды тұлғаны тіркемей-ақ қызмет көрсетілетіндігі, тіпті оны қашықтан немесе филиал арқылы көрсетуге болатындығы қарастырылған. Сонымен қатар лицензияны және өзге де құжаттарды өзара мойындау жүзеге асырылады.

Сондай-ақ ол ЕАЭО шеңберінде салыққа байланысты жағдайлар жайлы да айтты.

Шараға қатысушылар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы талқыланды.

А. Соловьеваның атап өтуінше, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында Кедендік одақ және Бірегей экономикалық кеңістік аясындағы Қазақстанның қол жеткен жетістіктері кеңінен сараланған.

Мәліметтер бойынша Қазақстанда ІЖӨ 4 пайыздан жоғарылаған, елдің Ұлттық қордағы халықаралық активі ІЖӨ-нің 37,7 пайызын құрайды. Алғашқы жарты жылдықта индустрияландыру картасы шеңберінде 700 жоба жүзеге асты, 70 мың жұмыс орны ашылды, қайта өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 8 пайызға, ауыл шаруашылығында 4,7 пайызға көтерілді.

«Инвестициялық тартымдымдылық артты. Қазақстан шет елдерден келетін инвестиция бойынша өзге мемлекеттерден көш ілгері»,-деді А. Соловьева.

Бұдан соң қатысушылар ЕАЭО-ның қазіргі жағдайы мен бизнес-қауымдастықты дамытудың келешегін талқылады.

Соңғы жаңалықтар