Мәскеуде екінші ресейлік-қазақстандық жастар дипломатиясының мектебі өтті

Бұл жаңа білім беру жобасы өткен жылы екі мемлекет арасындағы гуманитарлық байланысты нығайту үшін құрылды. Екі күндік семинарды ашқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-елшісі Ерлан Байжанов қазақстандық және ресейлік жастардың тығыз кәсіби қарым-қатынасы екі жақты ынтымақтастықты нығайту тұрғысында үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
«Өтіп жатқан оқулардың мақсаты - интеграциялық үдерістердің дамуы, сондай-ақ жастардың қоғамдық дипломатиясын дамыту тақырыбында екі ел жастарының диалогына ықпалдасу», - деп атап өтті ол.
Британиялық дизайн мектебіндегі «Маркетинг және бренд-менеджмент» курсының кураторы Андрей Пуртов елдің тартымды брендін құру үшін бұқаралық аудитория үшін қызықты жобаларды жүзеге асыру керектігін атап өтті.
Соның ішінде ол Қазақстан үшін «Экспо-2017 Астана» көрмесі ұлттық брендті дамытуға мүмкіндік беріп отырғанын айтты.
«Сол кезде елді таңдай бастайды: инвестиция құяды, туристік сапарларға, жұмыс жасауға келеді, блогосферада елге қатысты жағымды пікірлерді білдіретін болады. Жастардың дипломатиясы осы үшін керек. Өйткені бүгінде ресми каналдардың ұмтылысы жеткіліксіз», - деп атап өтті сарапшы.