Мәскеуде ЕуАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінде бес елдің көшбасшылары бірқатар құжаттарға қол қойды

«Біз болашақта Кеден одағы «үштігіне» және БЭК-ке басқа да мемлекеттер қосылады деп сенеміз, - деді РФ Президенті Дмитрий Медведев. - Бұл өршіл жоба қазірдің өзінде іске асырыла бастады - өзінің «жол картасы» ретінде біз Еуразиялық экономикалық ықпалдастық Декларациясын қабылдадық».
«Сайып келгенде біздің Бірыңғай экономикалық кеңістіктің соты болатын ЕурАзЭҚ Сотын құруды қоса алғанда көптеген құжаттарды әзірледік», - деп қосты ол.
Өз кезегінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер басшылары барлық мәселелерді, соның ішінде ЕурАзЭҚ пен Кеден одағының екі аппаратының қатар жұмыс істеп тұрғанын егжейлі-тегжейлі талқыладық. «Принципті шешімді біз ауызша қабылдадық. Қол қойылатын құжаттар тізімін келістік» - деп хабарлады Мемлекет басшысы.
Отырыстың соңында мемлекеттер башсылары ұсынылған құжаттарға қол қоюға кірісті. Олардың ішінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың, Кеден одағының және БЭК-тің, сондай-ақ осы бірлестіктер ауқымындағы ұлтүстілік органдардың одан әрі қызметін реттейтін 23 шешім бар.