11:09, 12 Қараша 2013 | GMT +5
Мәскеуде Еуразиялық ықпалдастық мәселелері бойынша халықаралық конференция өз жұмысын бастады
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Еуразия даму банкінің еуразиялық ықпалдастық бойынша 2 күндік VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады.

«Еуразиялық ықпалдастықты тереңдету және кеңіту» деген тақырыппен өтіп жатқан бұл шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылары мен Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдердің жетекші ғалымдары қатысуда.
Конференция барысында Еуразия даму банкі мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі жоспарланып отыр. Жалпы бұл халықаралық жиында макроэкономикалық саясатты үйлестіру мәселелерін шешуге назар аударылмақ. Сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың келешегі де сөз болады деп жоспарлануда.