Мәскеуде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

СКЕУ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Кеше Мәскеуде Шетелдік әдебиет кітапханасында «Қазақстан. Тәуелсіздіктің 20 жылы» тақырыбында фотокөрменің ашылуы салтанаты болды.
None
None

Көрмеге қазақстандық фотосуретшілердің бірнеше ондаған жұмыстары қойылды, ол көрермендерді қазақ жерінің тамаша табиғатымен, сондай-ақ қала пейзажымен таныстырады. Экспозицияның басты тақырыбы республика елордасы - Астана.

Шетелдік әдебиет кітапханасының бас директоры Екатерина Гениеваның айтуынша, көрме Қазақстанның бүгінгі гүлденген көрінісін алға тартады. «Біздің елдеріміздің жаңа тарихының 20 жылдық мерейтойы алдында екіжақты қатынастар дамып, нығая түсуде, елдеріміз арасындағы байланыстың басты бағыттарының бірі тереңнен тамыр тартқан мәдени саладағы өзара іс-қимыл», - деді Е.Гениева.

Кеше вернисажда РФ-дағы қазақстандық қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Ресейде тіркелген дипломатиялық өкілдіктер басшылығы, ресейлік жетекші жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарының қызметкерлері, сондай-ақ Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студенттер болды.

Шараны Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігі шетелдік әдебиет кітапханасымен бірлесіп өткізді. Көрме осы жылғы 18 жетоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар