Мәскеуде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай дипломатиялық қабылдау болды

МӘСКЕУ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында дипломтиялық қабылдау өткізді.
None
None

Мереке салтанаты Ресейдің Үлкен театрының жаңа сахнасында Дариға Назарбаеваның «Сәлем, Ресей!» атты концертімен ашылды.

Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков кешті ашу салтанатында сөйлеген сөзінде тәуелсіңздіктің 20 жылдығы - бұл тұтас тарихи оқиға, егемендіктің қалыптасуының, тиімді мемлекеттік басқаруды құрудың, нарықтық экономиканың, Қазақстанның дербес ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырудың айтулы кезеңдері, деп атап өтті. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біздің еліміз егемен мемлекеттің барлық атрибуттарына ие болды», - деді дипломатиялық миссия басшысы.

Ресеймен достық және тату көршілік - Қазақстанның сыртқы саясатының басты басымдығы, деп қосты З.Тұрысбеков. «Ресей - Қазақстанның басты әріптесі және одақтасы. Қазақстан, Ресей және Беларус елдерінің Кедендік одағының іске қосылуы, ал 2012 жылғы 1 қаңтардан - Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуы - шын мәнінде ықпалдастықтың серпінді дамып отырғанын көрсетеді», - деді Елші.

Өз кезегінде РФ сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Денисов туысқан халықтың барлық салада одан әрі табыстарға жетуіне тілектестік білдіре отырып, қазақстандықтарды осынау маңызды оқиғамен құттықтады.

«Бұл жылдары қазақ жерінде атқарылған істер ауқымды. Республика елордасы - Астананың өзі неге тұрады, ол Азия мен әлемнің ең сәулетті қалаларының біріне айналды. Қазақстанның жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының жемісі», - деді А.Денисов.

Д.Назарбаеваның зор табыспен өткен концертінде «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, гимнаст Тимур Орманшиев, РФ ІІМ академиялық ән-би ансамблі өнер көрсетті.

Кешке РФ мемлекеттік ведомстволарының басшылары, шетелдік елшіліктердің дипломаттары, зерттеу институттарының және қоғамдық ұйымдардың, Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері, ресейлік эстарада жұлдыздары қатысты.

Соңғы жаңалықтар