Мәскеуде Қазақстан және Ресей сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуі өтіп жатыр

РФ СІМ басшысы Сергей Лавров атап өткендей, Қазақстан және Ресей президенттері арасында жасалған екіжақты қарым-қатынастардағы ықпалдастық үрдерістерді дамытуда қол жеткізген нәтижелер бізді бұдан да өнімді және жемісті жұмыс жасауға міндеттейді.
Өз кезегінде ҚР СІМ-нің басшысы Ержан Қазыханов ресей тарапына шақырып, жылы жүзді қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.
«Бұл менің Қазақстанның сыртқы істер министрі ретінде Ресейге алғашқы сапарым. Бұл сапар өзекті мәсеелерді талқылап, халықаралық проблемалар бойынша пікір алысуға жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді Е.Қазыханов.
«Мен сізбен толық келісемін. Бұдан үш күн бұрын Қазақстан, Беларус, Ресей президенттерінің өте маңызды кездесуі өтті, тиісті құжаттарға қол қойылды, - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы . - Бұл біздің елдеріміз үлкен ықпалдастыққа қарай бағыт алып, алға жылжып келе жатқанымызды көрсетеді. Мен Ресеймен одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалайтынымызды атап көрсеткім келеді».
Ол сондай-ақ «Единая Россия» партиясына осы жылғы желтоқсанда өтетін алдағы Мемлекеттік Думаға сайлауда табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді