Мәскеуде қазақстандық көлік жүргізушілерін тонаған күдіктілер ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүк көлігімен алысқа қатынайтын қазақстандық жүргізушілерге шабуыл жасаған күдіктілер Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды «Москва» қала жаңалықтары агенттігі.
Агенттік мәліметінше, жүк көлігімен алыс жолға сапарлайтын Қазақстанның 43 жастағы тұрғыны сәуір айында полицияға жүгінген.
Ер адамның айтуынша, Пермская көшесінде көлікке мінген белгісіз төрт адам олардың Volvo жүк көлігіне таянып, 74 мың рубль мен 29 мың теңгелерін қолды етіп, артынша іздерін жасырған.
«13 тамыз, жексенбі күні полиция қызметкерлері шұғыл әрекет ету арнайы жасағының қолдауымен Щербинкадағы Нежинская көшесінде екі күдіктіні: есірткінің заңсыз айналымымен айналысқаны үшін ел полициясының іздеуінде жүрген Әзербайжанның 57 жастағы және Арменияның 28 жастағы тумаларын ұстады», - делінген полиция хабарламасында.