Мәскеуде Қазақстаннан барған көліктегі мәйіттерге қатысты мәліметтер тексерілуде -СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Мәскеуде Қазақстаннан барған автомобильден табылған мәйіттерге қатысты мәліметтерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл оқиғадан хабарымыз бар. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті тергеу органдарымен байланыста. Тергеу жүріп жатыр, әзірше ол туралы ақпараттар құпия сақталуда. Қазір қайтыс болғандардың азаматтығы туралы расталған мәліметтер жоқ», - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Мәскеуде Қазақстаннан барған автомобильдің салонынан үш ер адамның денесі табылған болатын. Мәйіттерде күш қолдану арқылы өлтіру белгілері байқалмаған, дегенмен салоннан газ шамы табылған. Болжам бойынш,а олар иіс газынан уланған.

Соңғы жаңалықтар
telegram