Мәскеуде Қазақстанның экономикалық және индустриялық аймақтарын дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті

МӘСКЕУ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеу қаласының «Националь» қонақ үйінде «Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту» тақырыбында конференция өтті.
None
None

Конференция барысында шетелдік әріптестер назарына қазіргі уақытта инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатқан «Астана - жаңа қала», «Ақтау теңіз айлағы», «Алатау IT-City» АТП, «Оңтүстік» базасында отандық бизнес жүргізу мүмкіндіктері ұсынылды.

Тараптар Қазақстанның экономикалық және индустриялық аймақтарында ресейлік бизнестің қатысу болашағы, құрылатын Кедендік одақ аясында туындайтын мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Наталья Годунова өз сөзінде Қазақстанның өзінің геосаяси орналасуының, сонымен қатар әлемдік дағдарыстан шығу серпінінің арқасында қазіргі таңда шетелдік әріптесіне бизнес жүргізу үшін әлеуетті мүмкіндіктер ұсынуға қабілетті екендігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асуда. Оның аясында сомасы 50 млрд. АҚШ долларын құрайтын 237 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Инновациялық жол негізінде экономиканы жаңарту біздің елдердің халықаралық ынтымақтастығының дамуының біріктіретін факторы болады. Бұл орайдағы ерекше рөл Кедендік одақ аясында Ресей және Беларуспен стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге беріледі», деп атап өтті Н.Годунова.

Соңғы жаңалықтар