Мәскеуде Қазақстанның инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктері таныстырылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-дағы ҚР Елшілігі РФ-дағы ҚР Сауда өкілімен бірлесіп «Қазақстан Республикасының инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктері» атты конференция өткізді.
None
None

Конференция мақсаты - қазақстандық өнімнің ресейлік нарықта жылжытуға және Қазақстан экономикасына инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту.

Конференция жұмысына 150-дан астам адам қатысты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ, «СК «КазЭкспортГарант» АҚ, «Қазнексинвест» АҚ, «Қорғас» ШЫХО» АҚ, А «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ және т.б. ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар басшылары бар, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Шараға сондай-ақ халықаралық компаниялар, Қазақстан мен Ресейдің салалық одақтары мен қауымдастықтары, Ресей федералдық және өңірлік сауда желілері және логистикалық орталықтары; қазақстандық экспортшы - азық-түлік тауарларын (ұн, макорон бұйымдары, кондитердік өнімдер, мұздатылған ет пен балық жартылай фабрикаттары, консервілер, қымыз, күнбағыс майы, ет және ет өнімдері, сусындар мен шырындар және т.б.) өндірушілер қатысты.

Конференция аясында «Қорғас - Шығыс қақпа» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО транзиттік және инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы өтті. «Қорғас - Шығыс қақпа» АЭА және инвенсторлар мен сауда әріптестерін тарту бойынша «Қорғас» ШЫХО құру» жобасының таныстырылымында «Қорғас» ШЫХО» АҚ президентінің кеңесшісі Сәкенғали Нұртазин сөз сөйледі.

Шара соңында қазақстандық және ресейлік компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар мен шарттарға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар