Мәскеуде Қырғызстан азаматының басын жарғандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Мәскеуде Қырғызстан азаматына шабуыл жасаған алты жігіт ұсталды. Олардың біреуі кәмелеттік жасқа толмаған. Бұзақылар соққысынан қырғызстандық азаматтың бас сүйегі сынған, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеуде Қырғызстан азаматының басын жарғандар ұсталды

Оқиға «Авиамоторная» метросы станциясының жерасты өткелінде болған.

«Бұзақылық әрекетке қатысы бар деген алты 18-20 жастағы колледж және университет студенттері ұсталды, тергеу жүріп жатыр», - деді полиция қызметкері.