Мәскеуде «Мир 24» ақпараттық телеарна тұжырымдамасының жобасы мақұлданды

Мәжіліске ТДМ-ның атқарушы хатшылығы - атқарушы комитет төрағасының орынбасарлары Анатолий Дронь мен Сергей Иванов қатысты. Мәжіліс барысында достастық мемлекеттерінің өзара интеграциялық іс-қимылдары мәселелерінің кең ауқымы қаралды.
ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қатысушылар «Мир» Мемлекетаралық телерадиокорпорациясының базасында «Мир 24» ақпараттық телеарнасының қаржы-экономикалық негіздемесі мен тұжырымдамасының жобасын мақұлдады.
Сонымен қатар ТМД Халықаралық инновациялық нанотехнологиялар орталығына нанотехнология саласында инновациялық және ғылыми қызмет бойынша достастық ұйымы базасы мәртебесін беру мәселесі бойынша оң шешім қабылданды.
Мәжілісте қаралған құжаттар Достастық елдері үкімет басшыларының кеңесі мен ТМД Экономикалық кеңесінің қарауына жіберіледі. Келесі мәжілісті ағымдағы жылдың 16 мамырында өткізу жоспарлануда.