Мәскеуде парсы поэзиясының кеші өтті – шетелдегі қазақ баспасөзі
«KAZINFORM» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.м

Қытай мен Қазақстан арасындағы Бақты портынан трансшекаралық турға өз көлігіңмен баруға болады - «Халық газеті»
6 желтоқсан күні Қытай мен Қазақстан арасындағы Бақты портынан трансшекаралық турға өз көліктерімен баратын тур ашылды, деп жазады Қытайдың «Халық газеті».

Аталған басылымның дерегінше, сол күні таңертең өз көліктерімен саяхаттайтын 50 адам 15 көлікпен Бақты портында шетелге шығу рәсімдерінен өтіп, ел шекарасынан шығып, Қазақстанға бет алған.
«Өз көліктерімен саяхаттайтын команда Бақты порты арқылы Қазақстанның Алакөл, Алматы қаласы және басқа да жерлерді аралайды. Олар 6 күннен кейін Қорғас порты арқылы елге оралады», - деп жазады қытайлық БАҚ.
Сондай-ақ осы аптада «Қытайдағы ең ұзын және ең ауыр бір аралықты теміржол аспалы Т-құрылымды айналмалы көпірі сәтті бұрылды» деген ақпарат жарық көрді.

«Халық газеті»-нің дерегінше, 11 желтоқсанда Қытайдағы ең ұзын және ең ауыр бір аралықты теміржол аспалы Т-құрылымды айналмалы көпірі - Юньнань Сюаньвэй-Фуюань жоғары жылдамдықты тасжолының Панси теміржолындағы көпірі сәтті бұрылды.
«Көпірдің айналмалы арқалығының ұзындығы 169 метр, негізгі көпірдің ені 25,7 метр, көпір бетінің ауданы 10 стандартты баскетбол алаңына тең, ал айналмалы салмағы - 24 000 тонна. Сол күні түстен кейін көпір тұтастай 52 градусқа бұрылып, жобалық орнына дәл түсті», - деп жазды «People.cn».
Абдуқодир Хусанов – Өзбекстанның ең қымбат футболшысы атанды - «ӨзА»
Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов елдің ең қымбат футболшысы мәртебесіне ие болды. Transfermarkt платформасы Франция чемпионатында ойнап жүрген футболшылардың жаңартылған трансферлік құнын жариялады. Қазіргі таңда Францияның «Ланс» клубында ойнап жүрген Абдуқодир Хусановтың трансферлік құны 12 миллион еуроға жеткен, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, ұлттық құраманың қорғаушысы осы маусымда өзінің шеберлігі мен сенімді ойынының арқасында клубтың негізгі құрамынан орын алды.
«Қазіргі уақытта Хусанов Франция чемпионатындағы орталық қорғаушылар арасында 21-орынды, ал 21 жасқа дейінгі орталық қорғаушылар арасында 2-орынды иеленіп тұр. Бұл көрсеткіштер оның Өзбекстанның ең қымбат футболшысы атануына себеп болды», - деп жазады «ӨзА».
Мәскеудегі BRICS Plus медиа орталығында парсы поэзиясының кеші өтті - «ParsToday»
Мәскеудегі BRICS Plus медиа орталығында парсы поэзиясының кеші Иран туралы қысқаметражды фильм және иран әдебиеті мен музыкасы туралы танымдық дәріспен өтті.
ParsToday агенттігінің «БРИКС халықаралық телевидение желісі» таратқан хабарына cүйеніп хабарлауынша, бұл рәсімге қатысушылар Иранның әдеби және музыкалық мұрасымен танысты.
Ирандық БАҚ-тың дерегінше, бұл поэзия кешінде Иранның көрнекті ақындарының, соның ішінде Саадидің кейбір шығармалары оқылды. Иран Ислам Республикасының Ресейдегі Мәдениет жөніндегі кеңесшісі Масуд Ахмадванд осы рәсімде сөйлеген сөзінде екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы гуманитарлық шараларды кеңейтудің рөліне тоқталған.
Ахмадвандтың айтуынша, Ресей мен Иранның ұзақ уақыт бойы БРИКС түрінде қарым-қатынастарын дамытқанын атап көрсеткен Ахмадванд Парсы поэзиясы түні сияқты шаралар өткізу екі ел халқының бір-бірін жақынырақ тануына септігін тигізеді.
BRICS телеарнасының Оңтүстік Азия және Батыс Азия елдерімен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Александра Борман да Ресей мен Иранның қарым-қатынасын нығайтудағы бұл медиа желінің рөлі туралы айтқан.
Сондай-ақ осы аптада «ParsToday»-де «Швейцария елшісі: Ирандағы медицинаның деңгейі өте таңданарлық» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Иранның Денсаулық сақтау министрі Швейцариямен медицина ғылымы саласындағы ортақ ынтымақтастықтың кеңеюін құптаған.
«ParsToday» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Денсаулық сақтау министрі бұдан әрі Иран мен Швейцария арасында ортақ жұмыс үстелін құруды сарапшылық тексеру және кедергілерді жою үшін қажет деп санайды.
Лозано Иранның медицина ғылымы саласындағы жетістіктерін мадақтап, Ирандағы медицина ғылымдары университеттері мен медицина саласының деңгейі мен сапасы өте таңғаларлық және ирандық дәрігерлер Швейцарияда да өте табысты. Сондай-ақ олармен ынтымақтастық екі ел арасындағы ғылыми қарым-қатынастардың даму осьтерінің бірі болмақ екенін айтқан.
Сонымен қатар осы аптада «ParsToday»-де «Иран мен Қазақстан арасында діни диалог жүргізу» деген тақырыпта ақпарат жарияланған.

Ирандық басылымның мәліметінше, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің дін істері комитетінің басшысы Теһранда Иран Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысымен кездесіп, сұхбаттасқан.
Иран Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысы Мұхаммад Мәһди Иманипур Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысы Нүкежанов Ержан Болатканұлымен кездесуінде Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің дін істері комитеті діни диалогтар тарихына тоқталған.
Ол бұл келіссөздердің басталғанына 30 жылға жуық уақыт өтті және Иранның Ислам мәдениеті және байланыс ұйымы православиелік католиктік христиандық және шығыс діндерімен келіссөздер жүргізгенін тілге тиек ектен. Сондай-ақ, Иманипур Иран мен Қазақстан арасындағы дінаралық диалог мәселесіне тоқталып, Қазақстан дінаралық диалогты жақсы деңгейде жүргізіп, осы сахнаға белсенді қатысуда. Жас дін көшбасшыларының диалогтық бастамасы да игі бастама болды, деген.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің басшысы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы да Иран Ислам Республикасына қонақжайлық танытып, діндер диалогындағы ынтымақтастық, соның ішінде Астанада өткен Дін көшбасшыларының 7-ші съезіне қатысқаны үшін алғыс айтты.
«Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды - TRT
Астанада «Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды. Көрмеге Қызылорда облысының тарихи қалашықтарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды.
Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Астанадағы Ұлттық музейде сыр өңірінің құнды тарихи жәдігерлер көрмесі ашылды. Қызылорда тарихи музейінің 85 жылдығына арналған көрмеде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген қолжазбалар мен зергерлік бұйымдар көпшіліктің назарын аударды. Қызылорда тарихи музейі – Қазақстанның ең көне музейлерінен бірі.
Қызылорда тарихи музейінің директоры Сапарлы Көзейбаевтың айтуынша, көрмеге б.з.б. IV-V ғасырлардағы сақтардың астанасы болған Шірік-Рабат, Қазақ хандығының астанасы Сығанақ және оғыздардың астанасы Жаркент сияқты көне қалалардан табылған жәдігерлерді әкелінген. Сонымен қатар өңірдің тарихы мен тыныс-тіршілігінен сыр шертетін тарихи мұралар да бар.
«Көрмеде 700-ге жуық тарихи жәдігер музейдің отандық және шетелдік қонақтарына ұсынылды. Музейге келушілердің назары алтын домбырада болды. Салмағы бір келі, ұзындығы 100 сантиметр, түркілердің дәстүрлі музыкалық аспабының символы саналатын туынды ақын Мұхтар Ниязовқа тиесілі», - деп жазады «TRT».
Айта кетейік, Қызылорда облысының тарихынан сыр шертетін көрме 19 желтоқсанға дейін ашық болады.
Сондай-ақ осы аптада «TRT»-да «Дәстүрлі «тулум» аспабы ЮНЕСКО-ның тізімінде» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Түркиялық БАҚ-тың дерегінше, дәстүрлі тулум музыкалық аспабын жасау және орындау Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген.
Түркиялның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой әлеуметтік желі парақшасында Парагвай астанасы Асунсьон қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра комитетінің 19-шы отырысынан тағы бір қуанышты хабар алғандарын мәлімдеген.
«TRT»-ның келтірген мәліметіне сүйенсек, Түркияың ЮНЕСКО-дағы мәдени мұра саны 31-ге жетіп, аталған халықаралық ұйымның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ең көп мұра тіркеген екінші ел ретінде жетістігін сақтады.