Мәскеуде Ресейдегі алғашқы қар қаласы тұрғызылады

АСТАНА. 5  қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеуде Ресейдегі ең алғашқы қар қаласын салады. Мұз бен қардан қонақ үй, фитнес орталық, тіпті түрме де тұрғызылмақ. 
None
None

 Қар қаласының құрылысы бүгін басталып, 10 қаңтарда аяқталатын болады.

5 қаңтарда басталған қар сәулеті фестивалінің аясында «Мұз қалашығы» «Сокольники» астаналық саябағында салынады.  Фестивальға сәулетшілердің 20 командасы мен мүсіншілердің 20 командасы қатысады. Бұл қалашықты салуға мың текше метр қар, 500 мұз бөлігі мен болашақ қаланы орналасатын 2,5 мың шаршы метр жер дайындалды.

Соңғы жаңалықтар