Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Ауғанстан мәселесіне қатысты бас қосады - брифинг

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2009 жылғы қаңтардың 14-інде Мәскеуде Ауғанстанға қатысты арнайы конференцияның мазмұндық және ұйымдастыру мәселелерін қарастыру мақсатында арнайы қызмет өкілдерінің қатысуымен ШЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың мәлім еткеніндей, аталмыш конференцияға қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастап барады.Ал лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы және ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері талқыланатын арнайы халықаралық конференция, ШЫҰ-ға мүше және бақылаушы елдер, сондай-ақ Ауғанстан мемлекеті мен Ауғанстан мәселесіне қатысты халықаралық ұйымдардың қатысуымен үстіміздегі жылғы наурыз айында өтеді деп жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар