Мәскеуде ТМД-2011 Жастар тарихи-мәдени сессиясы өтеді

МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - 2011 жылғы 8-11 желтоқсан күндері Мәскеуде ТМД-2011 Жастар тарихи-мәдени сессиясы өтеді. Оны ТМД қатысушы-мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры мен ТМД қатысушы-мемлекеттерінің жастар ісі жөніндегі кеңесі ұйымдастырып отыр.
None
None

Жастар сессиясы ТМД-да өткізіліп отырған ТМД тарихи-мәдени мұралар жылына және Достастықтың негізі қаланғанына 20 жыл толуына арналған, деп хабарлады Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қордың баспасөз қызметі.

Сессияға ТМД тарихи-мәдени мұралары жылы ауқымындағы жобалардың неғұрлым белсенді қатысушылары; «Дебюттер достастығы» сыйлығының лауреаттары; «ТМД қатысушы-мемлекеттерінің жастар ортасындағы мәдениетаралық диалогты қолдау және дамыту» тақырыбына гуманитарлық жобалар конкурсының финалистері; археологиялық экспедиция қатысушылары, Ыстықкөлдегі зияткерлер форумының делегаттары, ТМД қатысушы-мемлекеттері жастар ісі жөніндегі ұлттық органдары бойынша ресми делегациялар; ТМД елдерінің жас журналистері; танымал жас әншілер, музыканттар, бишілер, суретшілер мен фотосуретшілер қатысады.

Жобаға ТМД-ның 11 елінен 150-ге тарта өкілдер қатысуы жоспарлануда.

Сессия ауқымында жас суретшілер мен мүсіншілердің АРТ ТМД» көрмесі өтеді, «ТМД қатысушы-мемлекеттерінің жастар ортасындағы мәдениетаралық диалогты қолдау және дамыту» тақырыбына гуманитарлық жобалар конкурсының жұмыстары қорғалады, онда конкурстың төрт аталымында және 2012 жылдың «Жастар дауысы», «Ортақ жеңістер», «Таланттар шоғыры», «Біз - ТМД болашағымыз» жобаларының ұлттық жеңімпаздары таңдалады.

Соңғы жаңалықтар