Мәскеуде ТМД елдерінің білім беру министрлері халықаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылады

оның барысында аталмыш ведомстволардың жақын кезеңдегі ынтымақтастығының болашағы талқыланды.
Министрліктердің басшыларынан басқа, іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығының қоры мен ТМД Атқарушы комитетінің жетекшілері қатысты.
ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев атап өткеніндей, 2010 жыл ТМД бойынша ғылым және иннновация жылы болып аталған, ал бұл өз кезегінде халықаралық деңгейде талқыға салуға болатын мәселелердің аясын кеңейтуді өзекті ете түседі.
«Конференция барысында қатысушылар ТМД елдері арасында білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін қарастырды», - деді министр.
Ж.Түймебаев сондай-ақ қазақстандық тарап қазанның 14-15-де болатын ТМД елдерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясы форумына қатысу үшін Мәскеуге өз делегациясын жіберетіндігін айтты.