Мәскеуде ТМД-ға қатысушы елдер білім министрлерінің кезекті ХVII-ші конференциясы өтіп жатыр

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Кеше, шілденің 8-і күні Мәскеу қаласында ТМД-ға қатысушы елдер білім министрлерінің кезекті ХVII-ші конференциясы өтті. Оған бес елдің білім және ғылым министрлері қатысты. Атап айтқанда, Қазақстаннан - Жансейіт Түймебаев, Беларуссиядан - Александр Радьков, Қырғызстаннан - Әбділда Мұсаев, Ресейден - Андрей Фурсенко және Тәжікстаннан - Абдуджаббор Рахмонов.
None
None

ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, конференция барысында білім беру саласында ықпалдасудың басымдықты бағыттары мен ТМД-ға қатысушы елдердегі білім сапасын басқару жүйелерін дамыту саясатын келісу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев, ТМД-ға мүше елдер білім беру қызметкерлері - мұғалімдердің І-ші Съезінің қорытындысына арналған баяндама жасап, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бірлескен университеттерді құру үрдісі жайында мәлім етті.

Одан кейін, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің білім беру саласында ықпалдасу кеңесінің ХХІІІ-ші отырысында Қазақстанның білім беру ведомствосының басшысы:, «Достастық елдер азаматтарына ТМД аумағындағы жоғары оқу орындар мен ғылыми ұйымдарға оқуға түсіп, білім алуға тең жағдай беру керек», деген ұсыныс жасады.

Осы күні сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы елдер үкіметтерінің келісім жобасы талқыланған - ЕурАзЭҚ Ықпалдастық комитеті жанындағы Білім беру жөніндегі кеңестің XVIII-ші мәжілісі өтті.

Ал бүгін, шілденің 9-ы күні «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы - интеграциялық өзара әрекеттерді тереңдетудің болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Соңғы жаңалықтар